• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қаңтар 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

19.04.2024
0

Білім көкжиегіне жетуге талпынғандар, білім жолында 5 түрлі сатыдан өтуі керек. Мектепті бітірген оқушы не колледжге, не университетке түсіп студент атанады. Одан кейін ғылым жолы күтеді. Магистратурада білім алған магистрант 2 жыл оқып, доктарантураны аяқтаған соң ғана PHD доктор атағына ие болады. Осылайша әрбір жеке тұлға өзінің ғылым жолын жалғастырады. Дегенмен колледжге түскен студент университетке жолдама алуы тиіс. Сонда ғана ЖОО-нын бітірді деген құжатқа ие болады. Бұл тұрғыда Шымкент қаласының жастарына үлкен мүмкіндік берілген. Күні кеше Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан  Жүсіпбек Аймауытұлы  атындағы колледжі ашылды. Бұл өз кезегінде білімдегі сабақтастықты нығайта түседі дейді мамандар.

Жалпы Шымкент қаласында 8 Жоғарғы оқу орны мен 39 колледж бар. Бұл санға тағы бір оқу орны қосылды. Жаңа оқу жылынан бастап 150 студентті қабылдауға дайын мекеме, студенттердің тек құжат тапсыруын ғана күтуде. Алдағы уақытта жаңа корпустар салынып бұл сандар өсе береді дейді мамандар. Білім ордасының ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректордың у.м.а. Гүлжан Дәулетбекқызы және білім басқармасына қарасты колледждердің бірінші басшылықтары қатысты. Бұл оқу орнынының ашылуы бірнеше жыл бұрын жоспарланған екен. Әртүрлі архивтерге зерттеу жүргізе отырып жаңа білім ордасына Ж.Аймауытұлының атын беру 2023 жылы Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген.

Ж. Аймауытұлы Баяналуыл баурайында тусада 1926-29 жылдары өмірінің соңғы кезінде Шымкент қаласында орналасқан Педагогикалық техникумға келіп алдымен ұстаз, кейіннен басшы қызметін атқарған.  Сол уақыттарда Бұл оқу орыны тек педагогикалық техникумның студенттеріне дәріс беріп қана қоймай,  жақын орналасқан барлық ауыл аймақ өңірлердің жастарын біліммен қамтамасыз етіп, ағартушылыққа бағыттаған. Бұған тікелей атсалысқан Ж.Аймауытов екені даусыз.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құрманбек Ж.Аймауытұлының шығармашылығына жүргізген зеттеулерінің нәтижесінде біраз тың деректерді тапқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, архивте сақталған құнды құжатты дәл осы оқу орнына тапсыруды көздейтінін атап өтті.

Колледж командасының мақсаты бір.  Ортақ іс-әрекеттермен, іскерлік қарым-қатынастарды халықаралық тұрғыда жүргізе отырып білікті мамандардың бірлестігі болуды жоспарлайды. Колледжде табысты жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған, ұжым біртұтас тұтастықты білдіретін болса, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізетін студенттерді оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға арналған бірлестік ретінде педагогикалық ұжым жұмыс атқарады. Ұжымда 58 оқытушы, Оның ішінде: 1 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты, 3 PhD, 29 магистр, 3 аға       оқытушы дәріс береді. Материалдық-техникалық базасы: Жалпы білім беру пәндері кабинеттерінің саны -154, кабинет саны -21, зертхана саны -13, шеберхана саны – 2 болып белгіленген.

Бүгінде жаңа колледжде 3 мамандыққа лицензия берілген. Атап айтқанда «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»,  «Музыкалық білім беру», «Көркем еңбек». Алдағы уақытта мамандықтар қатары арта береді,- дейді колледж директоры Жанна Тұңғатарова.

Заманауи үлгіде, соңғы техникалық жабдақтармен жасалған аудиториялар  жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға дайын.

Айта кету керек, биыл алаштың арда азаматының туғанына 135 жыл толып отыр. Алдағы уақытта білім ордасында мәнді шаралар ұйымдастырылып, сапалы маман шығады деген үміттеміз. Ж.Аймауытов жәй ғана ұстаз болып қойған жоқ. Ол кісі ағартушы, романист, жазушылық қызметте жүріп елдің түтіні түз шықса екен, мемлекеттігі бекем болса деген арда азамат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.