Білім көкжиегіне жетуге талпынғандар, білім жолында 5 түрлі сатыдан өтуі керек. Мектепті бітірген оқушы не колледжге, не университетке түсіп студент атанады. Одан кейін ғылым жолы күтеді. Магистратурада білім алған магистрант 2 жыл оқып, доктарантураны аяқтаған соң ғана PHD доктор атағына ие болады. Осылайша әрбір жеке тұлға өзінің ғылым жолын жалғастырады. Дегенмен колледжге түскен студент университетке жолдама алуы тиіс. Сонда ғана ЖОО-нын бітірді деген құжатқа ие болады. Бұл тұрғыда Шымкент қаласының жастарына үлкен мүмкіндік берілген. Күні кеше Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы колледжі ашылды. Бұл өз кезегінде білімдегі сабақтастықты нығайта түседі дейді мамандар.
Жалпы Шымкент қаласында 8 Жоғарғы оқу орны мен 39 колледж бар. Бұл санға тағы бір оқу орны қосылды. Жаңа оқу жылынан бастап 150 студентті қабылдауға дайын мекеме, студенттердің тек құжат тапсыруын ғана күтуде. Алдағы уақытта жаңа корпустар салынып бұл сандар өсе береді дейді мамандар. Білім ордасының ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректордың у.м.а. Гүлжан Дәулетбекқызы және білім басқармасына қарасты колледждердің бірінші басшылықтары қатысты. Бұл оқу орнынының ашылуы бірнеше жыл бұрын жоспарланған екен. Әртүрлі архивтерге зерттеу жүргізе отырып жаңа білім ордасына Ж.Аймауытұлының атын беру 2023 жылы Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген.
Ж. Аймауытұлы Баяналуыл баурайында тусада 1926-29 жылдары өмірінің соңғы кезінде Шымкент қаласында орналасқан Педагогикалық техникумға келіп алдымен ұстаз, кейіннен басшы қызметін атқарған. Сол уақыттарда Бұл оқу орыны тек педагогикалық техникумның студенттеріне дәріс беріп қана қоймай, жақын орналасқан барлық ауыл аймақ өңірлердің жастарын біліммен қамтамасыз етіп, ағартушылыққа бағыттаған. Бұған тікелей атсалысқан Ж.Аймауытов екені даусыз.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құрманбек Ж.Аймауытұлының шығармашылығына жүргізген зеттеулерінің нәтижесінде біраз тың деректерді тапқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, архивте сақталған құнды құжатты дәл осы оқу орнына тапсыруды көздейтінін атап өтті.
Колледж командасының мақсаты бір. Ортақ іс-әрекеттермен, іскерлік қарым-қатынастарды халықаралық тұрғыда жүргізе отырып білікті мамандардың бірлестігі болуды жоспарлайды. Колледжде табысты жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған, ұжым біртұтас тұтастықты білдіретін болса, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізетін студенттерді оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға арналған бірлестік ретінде педагогикалық ұжым жұмыс атқарады. Ұжымда 58 оқытушы, Оның ішінде: 1 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты, 3 PhD, 29 магистр, 3 аға оқытушы дәріс береді. Материалдық-техникалық базасы: Жалпы білім беру пәндері кабинеттерінің саны -154, кабинет саны -21, зертхана саны -13, шеберхана саны – 2 болып белгіленген.
Бүгінде жаңа колледжде 3 мамандыққа лицензия берілген. Атап айтқанда «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім беру», «Көркем еңбек». Алдағы уақытта мамандықтар қатары арта береді,- дейді колледж директоры Жанна Тұңғатарова.
Заманауи үлгіде, соңғы техникалық жабдақтармен жасалған аудиториялар жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға дайын.
Айта кету керек, биыл алаштың арда азаматының туғанына 135 жыл толып отыр. Алдағы уақытта білім ордасында мәнді шаралар ұйымдастырылып, сапалы маман шығады деген үміттеміз. Ж.Аймауытов жәй ғана ұстаз болып қойған жоқ. Ол кісі ағартушы, романист, жазушылық қызметте жүріп елдің түтіні түз шықса екен, мемлекеттігі бекем болса деген арда азамат.