Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні. Мерекеге орай отбасылық кітапханада «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты байқау өтті. Шара мақсаты — кітапхана мен оқырман арасын жақындату. Жыл өткен сайын кітапханаға келушілердің саны артты дейді шара ұйымдастырушылары. Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі. Бүгін де Шымкенттегі отбасылық кітапханада «Сиқырлы кітаптар әлемі» іс-шарасы ұйымдастырылды. 75 мың оқырманы бар кітапханада қазір 417 мың кітап қоры бар. Мереке кеш соңында қатысушыларға жас ерекшеліктеріне қарай түрл жанрдағы кітаптар тарту етілді. Сондай-ақ балалар әлемінің шығармаларымен танысам деушілерге мекеме есігі күнде таңғы 10-нан кешкі 6-ға дейінашық. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттырады деген сенімде, кітапханашылар.
ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...










