Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    Айғақ MEDIA

    СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.03.2024203 Views

    🔰Мәулен Әшімбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыстың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесті.


    Сенат төрағасы халық қалаулыларымен Президент тапсырмасын іске асыру жайын талқылады. Рухани астананың ұлттық құндылықтарды ұлықтауда маңызы айрықша екенін атап өтті.
    🔰Сенат Спикері Палата мен мәслихаттардың алдағы бірлескен жұмысының басым бағыттарын да атап өтті. Іс-шара барысында депутаттар мәслихаттардың 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру мәселелерін де талқылады.
    🔰Ал, өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сенат төрағасын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен таныстырды.


    ⚜️Жиын барысында облыс депутаттары Палата спикеріне өңірдің экономикасы, әлеуметтік ахуалы, инженерлік-инфрақұрылымы, руханиятына қатысты мәселесін, ұсыныстарын жеткізді.

    1. Дулат Әбіш Ордабасы тауының жотасында қазақтың үш биінің ескерткіші жетімсіреп, құрылысы бел ортасынан бітпей тұрғанын айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін өзекті — “Бөген” су қоймасына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, аумағын үлкейту бойынша ұсыныс білдірді.
    2. Жаңабай Ағабеков күнгейден теріскейге қоныс аударушы азаматтарға жасалатын жағдайды күшейту керектігін айтты (баспана, жұмыс, жалақы).
    3. Талғат Садуов Кентау қаласын экологиялық аймаққа ендіруді;
    4. Ғалымжан Елшібай ауыз су мәселесін;
    5. Талғат Қаржауов ауыл шаруашылығы мақсатында жалға беріліп, пайдаға жарамай тұрған жерлердің жайын қозғады.
    Айтылған ұсыныс, талап-тілекке қатысты Сенат төрағасы жауап беріп, көтерілген мәселелер облыс әкімдігінің, Парламенттің назарында болатынын жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.