Тазалық акциясына ОҚО-ның əкімі Бейбіт Атамқұловпен қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, халық қалаулылары, ардагерлер жəне жастармен бірге Бекет батыр көшесінде 50 дана декоративті ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпықалалық сенбілікте қала әкімдігінің 14 құрылымдық бөлімдері мен жоғары оқуорындарының студенттері, 46 облыстық басқармалар мен аумақтық мекемелердің қызметкерлерімен қала тұрғындары да белсенділік танытты. Тазалық жұмыстары орталық 59 көшелер мен 6 жердегі саябақтар, гүлзарлар, Қошқар ата өзенінің бұлақ көздерінен Ордабасы алаңына дейінгі қорғалу аймағында және Дендросаябақ аумағында жүргізілді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...










