Облыстық мәслихаттың депутаты, мемлекеттік құқық мәселелері және өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Өмірзақ Мелдеханов Оңтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы сәрсенбіде өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. 64 жасты бағындырған Өмірзақ Пердебекұлы Шымкент қаласының » Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері. Айта кетейік, Өмірзақ Пердебекұлы сегіз ай бойына дәл осы Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарып келген болатын. Ал, енді қоғамдық жұмысты мықтап қолға алып отыр.
ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ
Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...










