Облыстық мәслихаттың депутаты, мемлекеттік құқық мәселелері және өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Өмірзақ Мелдеханов Оңтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы сәрсенбіде өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. 64 жасты бағындырған Өмірзақ Пердебекұлы Шымкент қаласының » Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері. Айта кетейік, Өмірзақ Пердебекұлы сегіз ай бойына дәл осы Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарып келген болатын. Ал, енді қоғамдық жұмысты мықтап қолға алып отыр.
СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...










