ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУДА РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысында былтыр 111 мыңнан астам халық газбен қамтылды. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Яғни газбен қамтылған әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Одан бөлек, соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған нысандарды қосу бойынша жұмыстар қарқын алды. Халық санымен есептегенде, 1 млн 650 мыңға жуық халық не облыс тұрғындарының 77,8 пайызы табиғи газбен қамтылған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Тұрғындарды газбен қамту жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында қаралды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Салаға жауапты басшыларға ауылдарға жеткізілген газды әр үйге қосуды қолға алуды қатаң ескертті.

Былтыр облыстық бюджеттен 7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жалпы 17,5 млрд теңге қарастырылған. 2023 жылы 27 жоба іске асырылып, 27 елді мекен газбен қамтылған. 47 нысанның құрылысы 2024 жылға өтеді.

Биыл газдандыру жұмыстарына 10,1 млрд теңге қаржы бөлінген. 71 нысанның құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 38-і пайдалануға берілсе, 33 нысан 2025 жылға өтпелі. Құрылысы аяқталғанымен, газға қосылмаған нысандар да бар.

Сонымен қатар жиын барысында жобалардың мезгілінде және сапалы іске асырылуына жауапкершілікті күшейту, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу деңгейін жылдамдату, құрылыс монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту және жұмыстарды жоспарлы түрде жалғастыру жайы талқыланды.

Ұқсас жазбалар

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...