ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУДА РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысында былтыр 111 мыңнан астам халық газбен қамтылды. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Яғни газбен қамтылған әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Одан бөлек, соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған нысандарды қосу бойынша жұмыстар қарқын алды. Халық санымен есептегенде, 1 млн 650 мыңға жуық халық не облыс тұрғындарының 77,8 пайызы табиғи газбен қамтылған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Тұрғындарды газбен қамту жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында қаралды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Салаға жауапты басшыларға ауылдарға жеткізілген газды әр үйге қосуды қолға алуды қатаң ескертті.

Былтыр облыстық бюджеттен 7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жалпы 17,5 млрд теңге қарастырылған. 2023 жылы 27 жоба іске асырылып, 27 елді мекен газбен қамтылған. 47 нысанның құрылысы 2024 жылға өтеді.

Биыл газдандыру жұмыстарына 10,1 млрд теңге қаржы бөлінген. 71 нысанның құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 38-і пайдалануға берілсе, 33 нысан 2025 жылға өтпелі. Құрылысы аяқталғанымен, газға қосылмаған нысандар да бар.

Сонымен қатар жиын барысында жобалардың мезгілінде және сапалы іске асырылуына жауапкершілікті күшейту, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу деңгейін жылдамдату, құрылыс монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту және жұмыстарды жоспарлы түрде жалғастыру жайы талқыланды.

Ұқсас жазбалар

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...