Құрметті ата-ана мектепке кез-келген уақытта кіріп шығуға рұқсат жоқ. Оқушының қауіпсіздігі үшін білім ұяларында бейнекамералар орнатылып, күзет жұмысы күшейтіліп жатыр. Осылай деп білім басқармасының басшысы брифингте мәлімдеме жасады. Сақтық шараларын қамтамасыз етіп отырған департамент өкілдері қатысқан басқосуда мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар талқыға түсіп, әлеуметтік желінің әсері айтылды.
«Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі». Дәл осы тақырып сарапқа түсіп, талдау өтті. Іс-шараның мақсаты білім беру мекемелерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. Шымкент қаласының мемлекеттік органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар алдымен қысқаша баяндалды.
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік негіздегі 150-мектеп, 10-колледж, 71-бала бақша бар. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы талаптарға сәйкес бейне бақылау жүйелері және «SOS» дабыл батырмалары толығымен орнатылған. Қала аумағында жалпы жеке меншіктегі 111-мектеп, 17-колледж, 533-бала бақша тіркелген. Жекеменшік білім беру ұйымдарында да бейне бақылау жүйелері орнатылған. Алайда орнатылған бейнебақылау жүйелері 54-мектеп, 3-колледж, 8-балабақшада ғана қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылыпты. Қалған жекеменшіктегі ұйымдарға аталған бағытта ескерту хаттар жолданып отыр.
Балаларды тиімді тамақтанумен қамтамасыз ету басты бағыт болып табылады, өйткені балалардың денсаулық жағдайы оның тамақтануына тікелей байланысты. 6 жастан 18 жасқа дейінгі кезеңінде дененің қарқынды өсуі байқалады, бұл ақыл-ой мен физикалық белсенділіктің жоғарылауымен бірге жүреді. Оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектепке санитарлық тексеріс жүргізілген.
Оқушылардың өміріне қауіп төнген кезде медициналық көмек ата-аналарының (заңдыөкілдерінің) келісімінсіз көрсетіледі, кейіннен оларға көрсетілген медициналық көмек туралы міндетті түрде хабарланады.Атап өтілгендей, медициналық пунктте мектеп дәрігерінің үнемі болуы талап етілмейді, тек оқушыларды кәсіби тексеру кезінде және түсіндіру жұмыстары кезінде болады. Брифингке қатысқандар оқушының ауіпсіздігі басты назарда деп сендірді.
«Айғақ-ақпарат»