• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

16.09.2023
0

Құрметті ата-ана мектепке кез-келген уақытта кіріп шығуға рұқсат жоқ. Оқушының қауіпсіздігі үшін білім ұяларында бейнекамералар орнатылып, күзет жұмысы күшейтіліп жатыр. Осылай деп білім басқармасының басшысы брифингте мәлімдеме жасады. Сақтық шараларын қамтамасыз етіп отырған департамент өкілдері қатысқан басқосуда мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар талқыға түсіп, әлеуметтік желінің әсері айтылды.

 «Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі». Дәл осы  тақырып  сарапқа түсіп, талдау өтті. Іс-шараның мақсаты білім беру мекемелерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,   жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. Шымкент қаласының мемлекеттік органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар алдымен қысқаша баяндалды.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік негіздегі 150-мектеп, 10-колледж, 71-бала бақша бар.  Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы талаптарға сәйкес бейне бақылау жүйелері және «SOS» дабыл батырмалары толығымен орнатылған. Қала аумағында жалпы жеке меншіктегі 111-мектеп, 17-колледж, 533-бала бақша тіркелген. Жекеменшік білім беру ұйымдарында да бейне бақылау жүйелері орнатылған. Алайда орнатылған бейнебақылау жүйелері 54-мектеп, 3-колледж, 8-балабақшада ғана қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылыпты. Қалған жекеменшіктегі ұйымдарға аталған бағытта ескерту хаттар жолданып отыр.

Балаларды тиімді тамақтанумен қамтамасыз ету  басты бағыт болып табылады, өйткені балалардың денсаулық жағдайы оның тамақтануына тікелей байланысты. 6 жастан 18 жасқа дейінгі кезеңінде дененің қарқынды өсуі байқалады, бұл ақыл-ой мен физикалық белсенділіктің жоғарылауымен бірге жүреді. Оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектепке санитарлық тексеріс жүргізілген.

Оқушылардың өміріне қауіп төнген кезде медициналық көмек ата-аналарының (заңдыөкілдерінің) келісімінсіз көрсетіледі, кейіннен оларға көрсетілген медициналық көмек туралы міндетті түрде хабарланады.Атап өтілгендей, медициналық пунктте мектеп дәрігерінің үнемі болуы талап етілмейді, тек оқушыларды кәсіби тексеру кезінде және түсіндіру жұмыстары кезінде болады. Брифингке қатысқандар оқушының ауіпсіздігі басты назарда деп сендірді.

«Айғақ-ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

 Шымкентте халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай қалада тағы 30 отбасы көптен күткен баспаналарына...

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Елімізде жаңа Конституцияның ресми күшіне енуіне орай Жұмабек Тәшенов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Ата заңда айқындалған білім беру,...

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Конституциялық Сот Ата заңның бірқатар нормаларына ресми түсіндірме берді. Онда Жаңа құжаттың 43, 72, 83 және 84-баптарында көзделген жоғары мемлекеттік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.