Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»СЕНАТОРЛАР МЕГАПОЛИСТЕ
    Айғақ MEDIA

    СЕНАТОРЛАР МЕГАПОЛИСТЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.07.2023228 Views

    ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Капбарова Шымкент қаласына жұмыс барысымен келді. Іс-сапар аясында қос сенатор Жүрек орталығында, Сайрам тұрғын алабында және Қамқорлық орталығында болып, өңірдің өзекті мәселелерін тыңдады.

    Шымкент қаласының атынан Парламент Сенатына депутат болып сайланған Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова 2023 жылдың алғашқы каникулына шығып, өз сайлаушыларымен кездесті. Медицина саласының жай-күйімен танысып, проблемаларын анықтау мақсатында бүгін Жүрек орталығында болды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына кардиологиялық қызмет көрсететін жалғыз орталықта техника мен маман тапшылығы жоқ. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері жақсы бір жаңалықпен бөлісіп өтті. Дәл осы сәтте дәрігерлер алғаш рет жүрек трансплантациясы операциясын сәтті жасап шықты. Қазақстан бойынша тек Алматы, Астана қалаларында ғана жасалатын күрделі ота елімізге белгілі, білікті дәрігер Юрий Пяның қатысуымен жүзеге асқан. Сенаторлар медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, депутаттық көмек көрсетуге әрқашан дайын екенін айтты.Парламент Сенатының депутаттар келесі кезекте Сайрам тұрғын алабында болып, халықпен кездесу өткізді. Наурыз саябағына жиналған бір топ тұрғындар осы сәтті пайдаланып, өзекті мәселесі мен көңілі толмайтын жұмыстарды ашық айтты. Ең алдымен 5 жылдан бері шешілмей келе жатқан ауыз су мәселесі. Бүгінде халық ауыз суды тек сағатпен ғана тұтынуда. Бірақ, жауаптылар бұл мәселе бойынша жұмыстар жүріп, қазан айында үзіліссіз су берілетінін айтты.Одан бөлек, ауыл шаруашылығымен айналысып, күн көріп жүрген Сайрамдық тұрғындар үшін ағын судың жоқтығы да күрделі мәселе болып тұр. Бірақ, басқарма тарапынан бұл сұрақтың жауабы да бірте-бірте шешімін тауып келе жатқанын алға тартты жергілікті халық.Сенат депутаттары келесі кезекте еліміз бойынша тұңғыш рет Шымкент қаласында ашылған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығында болды. Шетелдік сапалы техникамен және жиһаздармен жабдықталған стационарда бүгінде 1,5 жас пен 18 жас аралығындағы 88 бала қызмет алуда. Жалпы ғимарат 110 ментальдік бұзылуы бар балаларды қабылдауға арналған. Депутаттар аталған ғимарат жалға алынып отырғандықтан, мемлекет тарапынан жаңа арнайы ғимарат салуды ұсынды.  Халық қалаулысы Нұрлан Бекназаров бүгінгі күнге дейін Парламентте Шымкент қаласына қатысты 9 мәселені көтеріп және оның шешілуіне ат салысқанын айтып өтті.

    АЙҒАҚ-АҚПАРАТ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.