Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕККЕ КЕЛДІ
    Бас ақпарат

    ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕККЕ КЕЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.02.2023192 Views

    Өткен демалыс күндері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімшілігінің өтініші бойынша су тасқынына қарсы шараларды орындауға жұмылдырылды, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметті.

    Аталған аймақта күннің күрт жылынуы мен жауған жаңбырдың салдарынан елді мекендер мен шаруашылық қызмет объектілерін су басу қаупі туындады. Су тасқынына қарсы жұмыстарға Луговой гарнизонындағы барлау бөлімшесі және мотоатқыштар батальонынан барлығы 300-ге жуық әскери қызметші жұмылды. Сонымен қоса әскери техника да тартылды.

    – Бірден Құлан ауылының тұрғындарына көмекке кірісіп кеттік. Өйткені, қиын жағдайда халыққа қол ұшын беру – әскери және азаматтық борышымыз, – деп атап өтті Жауынгерлік даярлық жөніндегі барлау бөлімшесі командирінің орынбасары майор Абзал Жәнібеков.

    Арнайы техниканың көмегімен су арнасын басқа жаққа бұруды төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі органдар жүргізеді, ал әскери қызметшілер жиналған судың үйлерді басуына жол бермеу үшін бекіністер салуда.

    – Әскерилердің келіп, көмектесіп жүргеніне ризамыз, – деп алғысын білдірді Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінің өкілі Нұрболат Қойшыбаев. – Олар екі күн қатарынан бізге қол ұшын беріп, қолдап осында жүр.

    Жұмыс ауысыммен ұйымдастырылған. Үйлерді су тасқынынан қорғау үшін 50 адамнан құралған топтар құм салынған қапшықтардан бөгеттер жасауда.

    Қазіргі уақытта аудандағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. Алайда жағдай бақылауда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.