«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Берік Оспанов тағайындалды. 1976 Алматы облысында дүниеге келген Берік Серікұлы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің түлегі. Сонымен қатар, Орталық Азия университетінің заңгер мамандығын иемденген. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолында түрлі сатылардан өткен Берік Серікұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлім бастығы, «ҚазАгроинновация» АҚ президенті қызметтерін абыроймен атқарған. Ал, 2009 жылдың сәуірінен бастап бұл тағайындауға дейін ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тұрған тұста, өңірдегі аграрлық саланың дамуына өзіндік үлес қосты. Кез-келген проблемаға баса назар аударып, келелі істің басы қасынан табылатын. Ендігі жерде партия көшбасшысы жүктеген міндеттер мен берілген тапсырмаларды абыройлы атқаруына тілектеспіз.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










