Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АШУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
    Бас ақпарат

    АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АШУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.11.2022211 Views
    Білім беру статистикасын кезең-кезеңімен ашу туралы. Білім беру саласындағы ең маңызды ақпараттық жүйе – ол Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ).
    Жүйеде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру деңгейіндегі барлық статистика мен білім саласындағы ақпарат бар. Дәлірек айтқанда, оқушылардың алған бағалары мен жетістіктері, мұғалімдердің біліктілігі, мектептердің, колледждердің, балабақшалардың материалдық-техникалық қоры және т.б.
    Бұрын ҰБДҚ-дағы деректерді тек білім саласы қызметкерлері ғана пайдаланса, енді барлық ақпарат жұртшылыққа, сарапшыларға, зерттеушілерге, әкімдіктерге және басқа да мемлекеттік органдарға бірте-бірте және әртүрлі дәрежеде қолжетімді болады.
    Қазіргі уақытта білім беру статистикасын жинау тетігін толығымен қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны негізінен электронды журналдар жүйесінен алынатын бағаларды қоспағанда, ҰБДҚ-да әрбір білім беру ұйымына жауапты тұлғалардың өздері тікелей енгізетін. Енді қазір бұлтты бухгалтерия, электронды құжат айналымы және электронды кадр, электронды аттестация және басқа да жүйелерден барлық негізгі ақпаратты автоматты түрде жинау шаралары жүргізіліп жатыр. Яғни барлық ақпарат автоматты түрде деректер қорына түседі.
    Білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық білім беру деректер қорынан (ҰБДҚ) әртүрлі құрылымдарға, зерттеушілерге және жұртшылыққа арналған иесіз деректер белгілі бір параметрлер бойынша кезең-кезеңімен жалпыға қолжетімді болады. Яғни белгілі бір параметрлер бойынша кез келген адам статистикалық деректерді бақылай алады.
    ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.