Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТАНЫҢ ТОННАСЫ 370 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТАНЫҢ ТОННАСЫ 370 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2022588 Views
    Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Геосаяси жағдайларға байланысты көптеген логистикалар үзіліп, тасымалдау шығындары бірнеше есе өсті. Бұл мақта сатып алушы шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына қызығушылықтарын төмендетті.
    Осыған байланысты, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, инвесторлармен келіссөздер жүргізілді.
    Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың мәлімдеуінше, өңірдегі екі серіктестік мақтаны қабылдау бекеттерінде шаруалардың көңілдеріне қонымды бағада қабылдап жатыр.
    – Жетісай ауданында «Zhanassyl» ЖШС тауар өндірушілерден шитті мақта тоннасын 330 мың теңгеден қабылдауда. Сонымен қатар, 20 қазаннан бастап Ордабасы ауданында орналасқан «Нұр-Aгро 73» ЖШС шитті мақтаның тоннасын 370 мың теңгеден қабылдауды бастады. Биыл Түркістан облысында 126,3 мың га мақта дақылы егілген. Аталған аумақтан 330,3 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыстағы мақтаның 90 пайызы, яғни 293,5 мың тоннасы жиналған, — деді басқарма басшысы.
    Айта кетейік, мақта шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан көктемгі және күзгі дала жұмыстарына нарықтық бағадан 15-20% арзан бағамен 96 мың тонна жанар-жағар май бөлінген.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.