Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАНДА «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ІІІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНДА 7 ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАНДА «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ІІІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНДА 7 ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.08.2022206 Views

         Бүгін Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ шығарылымы өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Бизнесті бизнеске қолдау көрсетуге шақыратын маңызды іс-шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен кәсіпкерлер, менторлар, жоба авторлары қатысты. Өңір басшысы бұл жобаның кәсіпкерге берері көп екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

         – Бүгін сіздермен қайта қауышып, «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасының кезекті маусымын өткізгелі отырмыз. Жобаның ерекшелігі – «Кәсіпкерлік Қырандары» арқылы ірі бизнес өкілдері капиталы жоқ, бірақ бизнес идеясы бар, кәсіпкерлікке жаңа қадам басқан азаматтарға қолдау көрсетеді. Бүгінде «Кәсіпкерлік Қырандары» бойынша қолдау алған стартап жобалар (16 жоба 44 млн. теңге) өз кәсіптерін дөңгелетіп, өнімдерін өндіріп жатыр. Әрине кәсіпкерлерді қолдау Мемлекет басшысының, Үкіметтің ұдайы назарында тұрған мәселе. Бизнесті қолдауға бағытталған кең көлемдегі бағдарламалар осының дәлелі. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары облыс кәсіпкерлерімен жақсы қолданылуда. «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы кәсіпкерлер 47 млрд. теңгеге жеңілдетілген 6%-бен несиеленген болса, «Бизнестің жол картасы 2025» арқылы жыл соңына дейін 40 млрд. теңгеге несиелеу күтілуде. Жаңадан бизнесті бастау, жобаны қаржыландыруда жобаның маңызы зор. Сондықтан ізбасар буынға жасап жатқан қолдаулар үлкен құрметке лайық.

         «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы бірінші кезекте стартап жобалар үшін қажетті қаржылай қолдау болса, екенші кезекте қаржы салымын жасаған менторлар үшінде инвестиция көзі деп айтуға болады. Яғни, екі жаққа да ұтымды инвестиция. «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасына қолдау көрсеткен менторларға алғысымды айтқым келеді. Сіздер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатырсыздар, – деді ол.

          Жобаның осы кезеңіне «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов та қатысты.

     

         Айта кетейік, «Кәсіпкерлік қырандары» – бірегей жоба. Ол Түркістан облысында шағын бизнесті қолдау үшін іске қосылған. Жобаны Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі жүзеге асырып отыр. Мақсаты – өңірдегі ірі, орта кәсіпкерлер микробизнесті, стартаперлерді қолдайды. «Бастау Бизнес» түлектеріне инвестиция сала отырып, қаржылау қолдау көрсетеді, ментор болады. Ментор жобаны сүйемелдейді.

          «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасының үшінші кезеңінде 7 жоба ұсынылып, талқыланды. Олар: Медициналық қалдықтарды жоятын цех; Жарқыраған тратуарлық жол плиткаларын шығаратын цех; «Тармақтар» кітабы; Қолдан ұрықтандыру және ветеринарлық станция; Ғарыштық байланыс және спутниктік робототехника кешені; «Eco-Protect» дөңгелектерді қайта өңдеу жобасы және мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әмбебап монша салу бастамасы ұсынылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.