Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Ақордада кеңес өткізді
    Жаңалықтар

    Елбасы Ақордада кеңес өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.11.2016102 Views

    photo_200847

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Кеңеске премьер-министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, премьер-министрдің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, премьер-министрдің орынбасары И.Тасмағамбетов, Президенттің көмекшісі Ә.Смайылов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты.Іс-шара барысында маңызды бағдарламалық құжаттарға қатысты негізгі ұстанымдар қарастырылды.

    419cd8aba832635e73a31968a3ef4928

    Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде биылғы қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсырмалар берілгенін айтты.Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сала мәселелері жан-жақты қарастыруды талап ететінін атап өтті. Өнім көлемін ұлғайту, өнімділікті арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, азық-түлік импортын азайту, өңделген өнім экспортын көбейту және ауыл шаруашылығы кооперациясын жетілдіру агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның басымдығы бар бағыттары болып саналады.»Біздің өңдеуші кәсіпорындарымыз 30-40 пайыз жүктемемен жұмыс жүргізуде. Олардың жұмысының толық қуаттылығына жетуін қамтамасыз ету үшін шикізат керек, оның жеткізілетін мөлшерін арттыру үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қажет», — деді Қазақстан Президенті.Сондай-ақ, Елбасы өзін-өзі жұмыспен тиімсіз қамтып отырғандардың үлесі едәуір екенін атап өтті.»Халықтың бұл санаты өзін-өзі жұмыспен тиімді түрде қамту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Жұмыссыздарды бос жұмыс орындары бар жерлерге тарту керек. Өңірлердегі азаматтар жұмыспен қамту бағдарламалары және бос орындар туралы білуге тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2016/11/Назарбаев_провел_совещание_в_Акорде.mp4

    Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл жастарын қайта даярлау және ауылдағы жұмыспен қамтылу деңгейін арттырудың маңыздылығына тоқталды.Кеңес аясында премьер-министрдің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова және Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев баяндама жасады.Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев әзірленіп жатқан бағдарламалық құжаттардың тұжырымдық ұстанымдарын мақұлдап, барлық мәселені мүдделі тараптармен өзара келісіп, мұқият қарастыруды тапсырды.

    Tengrinews.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.