• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

23.06.2022
0

 Ұлттық дәстүр ұлықталды. Шымкентте қала күніне орай ұйымдастырылған шаралар  легі өз жалғасын табуда. Соның бірі «Орта ғасырлық Шымқала керуені» мен «Музейдегі түн» салтанаты.  Аталмыш  мерекеге қала қонақтары мен тұрғындары  қатысып, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Шымқала мәдени кешенінде ұлттық нақышта көмкерілген шеберлер  туындыларынан бөлек, арнайы шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Кеш мерекелік думанмен жалғасып ұлттық аспатар көмейінен күй төгіліп, арнайы сахналық қойылымдарға ұласып «Шымқала» кешені жайында фильмнің тұсауы кесілді.

 Ұмыт болып бара жатқан  салт-дәстүр ұлықталған  күнде «Көне Шымқаладағы ұлттық бұйымдар» жәрмеңесі өтіп, қала тұрғындарының назарына қол өнер шеберлерінің туындылары ұсынылды. Мегаполис күніне арналған салтанатты шаралар легі мұнымен шектелмек емес, алдағы күндерде де аталмыш қалашықта түрлі шаралар өтіп, өз деңгейінде ұйымдастырылмақ. Осылай деген Биболат  Әттев қала тұрғындары  мен қонақтарын аталмыш шараға белсене қатысуға шақырды.

 Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен  өткізіліп жатқан шараның мақсаты  үшінші мегаполис тарихын  насихаттау, дәуірлер бойынша танымдық ойын-сауық ұйымдастыру, көне шаһардың дәстүрлі базарларын жаңғырту, салтанаттық өнер мен сазды қойылымдар арқылы мәдени мұраларды ұлықтау көзделген. Осы  мақсатта өткізілген шарада ұлттық ойындар ойналып, көпшілктің көңілі көтерлді. Атап айтқанда: аударыспақ, асық ату, қол күрес, жамбы ату, тоғызқұмалақты қала тұрғындары тамашалады.

 Қолданбалы өнердің бірнеше түрін меңгерген Болат Бейісбеков бұл салада 30 жылдан аса еңбек етуде. Бүгінде шебер сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, отандық брэнд қалыптастырып отыр. Атадан балаға дарыған қабілетінің арқасында Болаттың жұбайы мен балалары да дәл осы саланың иелері. Айталық бұл отбасының 7 мүшесі де киіз тоқып, ер тұрман дайындайды. Аталмыш жәрмеңгеге өз туындыларын паш еткен Бейісбековтердің қолынан шыққан дүниелері көпшіліктің қызығушылығын арттырып, сұранысқа ие болып жатқан жайы бар.

 Мәдени кешенде өткен «Музейдегі түн» тарихи іс-шарасын тамашалауға әлеумет көптеп жиналды. Мерекелік бағдарлама «Шымқала дастаны» театрландырылған хореографиялық қойылыммен бастау алды. Бұл дастаның сюжеті батылдық, елге махабат пен намыс жайында өрбиді. Шымкен қаласы өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астында этно-фольклорлық концерт ұсынылып, каскадерлер шоуында әскери жаттығулардан шеберлік сабақтары өтті. Ашық аспан астында өткен шарада «Шымқала» кешені жайында фильм көрермен назарына ұсынылып, от және су шоулары ұйымдастырылды.

  Мерекелік шарада арнайы қойылымдар көрермен назарына ұсынылып, ұлттық аспаптар сүйемелдеуімен концерт өтті. Шаһар әкімдігінің ұйытқы болуымен өткізілген шарада, қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.