Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте А.Асқаров атындағы ұлттық ат спорты ойындары өтуде
    Жаңалықтар

    Шымкентте А.Асқаров атындағы ұлттық ат спорты ойындары өтуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.11.2016609 Views

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаров атындағы ұлттық ат спорты ойындарының ашылу салтанаты өтті.

    Халықаралық жарыстың ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев турнирге қатысушы барша  командаларға сәттілік тілеп, Асанбай Асқаровтың елге сіңірген еңбегі мен жетістіктеріне тоқталды.

    «Асанбай Асқарұлы ұзақ жылдар бойы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азаматтың бірі және бірегейі деп білеміз. Қоғам қайраткерінің осы өңірді басқару кезінде осы тұрған Орталық атшабар, Дендросаябақ пен Зообақ және балалар темір жолы сынды қаншама әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілген. Ел ағасының облыс тұрғындары үшін жасаған игі істері мен қалдырған ізгі мұраттары бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, ел есінде мәңгілікке сақталады деп білемін», — деді әкім.

    Бүгінгі турнирге ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Түркияның астанасы — Анкара қаласы мэрінің орынбасары Рамазан Кабасакал мен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бірқатар мемлекеттік жаттықтырушылар қатысып отыр.

    Көкпардан 13-ші рет, аударыспақтан 5-ші рет, жамбы атудан 1-ші рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық ұлттық спорт бәйгесіне көршілес Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасынан арнайы командалар қатысса, республика өңірлері — Астана қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Түлкібас ауданынан  «Майлыкент» командалары бақ сынауда.

    Айта кетейік, жалпы облыстағы түрлі деңгейдегі мекемелерде ұлттық спорттың 10 түрі – қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, асық ату, теңге ілу, саят түрлері дамытылады. Аталған спорт түрлерімен 220-дан астам жаттықтырушы, 5 мыңнан астам спортшы айналысады.15025451_1122571304525874_6341266696629538262_oЖыл сайын дәстүрлі түрде ат спорты ойындарынан ересектер арасында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері А.Асқаров атындағы халықаралық турнир, ат спортынан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, ат спортынан КСРО-ның 9 дүркін жеңімпазы Ә.Дауылбаевтың жүлдесіне арналған республикалық турнир, Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мейрамына арналған республикалық турнир және «Шымкент қаласы күні» мерекесіне арналған республикалық турнирлер өткізіліп тұрады.

    Жалпы, өңірімізде ұлттық ат спорт түрлері — көкпар, аударыспақ, жамбы ату сынды ойындардан топ жарып, көш бастаған спортшылар баршылық. Атап айтсақ, көкпаршылар —  Бақтыбай Шырынқұлов, Нұржігіт Мырзабаев, Темірхан Айтбаев, Омарбек Еркебайлар салым салуда ешкімге тізгін бермесе, аударыспақтан Біржан Қосалиев, Сырым Ізбасаров және Түймебек Жұмалиев көш бастап тұр. Ал ұлттық ат спорт түрінен Ғалымжан Ізжанов, жамбы атудан Айкөз Ералхан, Қазақстан Республикасының спорт шебері, жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы ретінде Сарыбай Айтбек танымал.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.