Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҰСТАЗДАР 6 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ
    Бас ақпарат

    ҰСТАЗДАР 6 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.02.2022326 Views

    Алматыда жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарына 6 млн теңгеден астам сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

    Байқауда Қазақстанның 45 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК (шамамен 6 миллион теңге) сыйақы алды. Педагогтерге қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды.

    «Біз үшін ұстаздарды ынталандыру, мамандықтың беделін көтеру маңызды. Бүгін еліміздің жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын жинадық. Білім және ғылым министрлігінің атынан университет оқытушыларына кәсіби шеберліктері мен қызметіне адалдығы үшін алғыс айтамын. Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жаңартуда, академиялық адалдық мәдениетін дамытуда және жалпы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыруда оң серпін бар екенін байқадық. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында грант құны өсті, тиісінше, университет оқытушыларының жалақысы да өсті», – деді салтанатты сөзінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

    Өз сөзінде ведомство басшысы мемлекет білім беру сапасын арттыру және ғылымды қолдау бойынша жүйелі жұмыс жасап жатқанын еске салды. Мысалы, осыған дейін ғылыми зерттеу байқаулары үш жылда бір өткізіліп келсе, енді ол жыл сайын өтеді. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде ғылымды грант арқылы қаржыландыру мерзімі бес жылға дейін ұзартылды.

    Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына еліміздің 76 ЖОО-сынан барлығы 718 үміткер қатысты. Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен сайыста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды.

    Конкурс ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды. Бұл конкурсты өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ комиссия құрамында ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының және Академиядық адалдық лигасының өкілдері, білім беру саласының сарапшылар болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.