Қыркүйектің 23-күні облыс орталығында «Әйелдердің «жасыл» экономиканың дамуына және ЭКСПО-2017 ілгерілетуге қосар үлестері» атты дөңгелек үстел өз жұмысын бастады. Жиында облысымыздағы іскер әйелдердің Елордада өтетін әлемдік шараға қосар үлесі талқыланып, дайындықтың барысы пысықталуда. Атап айтсақ, өңірдегі әйелдер басқаратын мекемелердің жұмысы сарапқа салынуда. Сонымен бірге, нәзік жандылар басшылық ететін кәсіпорындар арасында облыстық және республикалық байқаулар ұйымдастыру жайы да саралануда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу және дайындалу үшін республикамыздың барлық облыстарын жұмылдыру жөнінде мақсат қойған болатын. Осы тапсырманы орындау барысында өңіріміздің нәзік жанды кәсіпкерлерінің қосар үлесі де зор. Сондай-ақ, бұл күні «San men Sahna» Халықаралық сән костюмдерінің фестивалі өтпек. Дизайнерлердің үздік жұмыстары ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылады деген болжам бар.
Ботагөз Мәдібек