• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

ОРТАҚ МӘМІЛЕ ТҮПКІЛІКТІ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

06.12.2021
0

Таяуда ғана Қазақстан Республикасы Парламентінде «Еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне азаматтарды көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы туралы» үлкен жиын өтті. Бұған Елбасының Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасын орындау барысында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары З. Тұрысбеков Қазақстан Республикасы Парламентінің «Өңір» депутаттық тобы мүшелерімен тығыз жұмыс жасауы себеп болды. Сенатор Ерік Сұлтанов басқаратын топ мүшелері Әлімжан Құртаев, Алтынбек Нұхұлы, Динар Нөкетаева, Жеңіс Нұрғалиевтармен бірлесіп, қандастарды солтүстік өңірлерге қоныстандыру бойынша мәселені пысықтау үшін Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында іссапарларда болып қайтқан еді, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі.

Сенаторлар Ақмола облысындағы тікелей Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бастамашылдығымен асар амалымен салынып жатқан Аршалы ауданындағы 8 мың қандасқа арналған бір үлгідегі 1282 коттедждің құрылысын көріп, бастамаға қолдау білдіретіндерін айтқан еді. Онда болашақта 3,5 мың жұмыс орны құрылады.

«Өңір» депутаттар тобы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс күші тапшы екенін көздерімен көрді. Әкімшілік 1300 отбасыға жер телімін бөлуге әзір, бірақ оған қолданыстағы заң нормалары мүмкіндік бермейтінін қынжыла айтты.

Екібастұз қаласының аумағында жеке тұрғынүй құрылысы үшін 1 мың гектар және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 1 млн. гектарға жуық жерді игеруге өңірдің әлеуеті бар. Тек заңға өзгеріс енгізу керек.

Ал Қостанай облысындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-на бүгінде 900 маман қажет. ССТӨБ оларды жұмыс күші артық өңірлерден көшіріп алуға да әзір. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-гі де қосымша 500 маман тартуға мүдделі. Салынып жатқан «КАМАЗ» зауыты құрылысы да 500 жұмысшыға зәру. Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорын «Агромашхолдинг КЗ»-ке де қосымша 180 маман жетіспейді. Сөйтіп, тек осы кәсіпорындардың ғана кадрларға деген жалпы мұқтаждығы шамамен 2200 адамды құрайды.

Сондай-ақ, «Олжа агро» кәсіпорны да оңтүстік өңірлерден 2000 отбасын көшіріп әкелуге мүдделі. Олар мүйізді іріқараларды өсіруге жұмылдырылады.

Бұл ретте Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қостанай облысының орта арнаулы оқу орындарында білім беріп, содан кейін жұмысқа орналастырып және жеке тұрғынүй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер телімдері бөлінген жағдайда, оңтүстік өңірлердегі қандастар арасынан жастардың қоныс аударуын қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған жауап ретінде өңір басшысы Қ. Ақсақалов инфрақұрылымы әзір Петропавл қаласының «Южный», «Солнечный-1», «Солнечный-2» ықшам аудандарын көрсетіп, 1300 отбасыға жер бөлуге болатынын, бірақ оған заң көтермейтінін көлденең тартты. Біріншіден ол адамдардың өңірге қатысы жоқ әрі кезекте тұрған жергілікті адамдар бар.

Осы іссапардың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінде 30 қарашада арнайы кеңес өтіп, онда қандастарды солтүстік аймаққа қоныстандыру жайы қаралды. Жиынға «Өңір» депутаттық тобының мүшелері 17-і сенатордан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.С. Біржанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж. Құрманов, Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиев, Индустрия жәнет инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық істері кқмитетінің төрағасы Т.Ж. Қарағойшин, Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаментінің директоры Д. Жұмбайбек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Н.А. Әбдірахманов, «Отбасы банк» тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Л.Е. Ибрагимовалармен бірге Түркістан облысы әкімінің орынбасары    Ұ.Қ. Тәжібаев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасары Ғ.С. Нығметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Ж. Өтешов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары В.Н. Ионенко сияқты өңірлердің өкілдері болды.

Мәселелерді екжей-текжейлі қарай келіп, «Өңір» депутаттар тобы жетекшісі Ерік Сұлтанов халықты қоныстандыруға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жоба Парламентте талқыланып жатқанын жеткізді. Енді осы құжатқа ұсыныстар берілмекші. Нәтижесінде, қандастарға кедергісіз жер бөлу мәселесі шешілмек.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өз ұсыныстарын білдірді. Ол бойынша ең бірінші қоныстандыру аймағын анықтау. Екінші, қандастарымыз бен жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударушыларға «Асар» бағдарламасына қатысушы мәртебесін беру. Үшінші, «Асар» жобасына қатысушыларға жерді топтап бөлуі тиіс. Мысалы, бес жүз отбасын бір маңға қоныстандырса, олар өз ортасында жүріп, жаңа мекенге тез бейімделеді. Сондай-ақ, жер бірден оның меншігіне өтіп кетпейді, атына ғана тиесілі болады. Оғанға дейін жер телімдері әкімдіктердің жанындағы дербес бөлімдердің (мысалы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Сарыарқа») балансында тұрады. Үй толық салынып біткенде адамдардың атына ауыстырып береді. Баспана құнының 50 пайызын мемлекет төлеп, 50 пайызын азаматтар өз есебінен салады. Он жылға дейін ол үйді сатуға құқы болмайды, содан кейін баспана оның меншігіне өтеді. Әуелгіде, солтүстікке қоныс аударғаны үшін көтерме қаржы және 1 жылға жалға алатын баспана ақысы төленуі тиіс. Міне, осы тәсілді қолдана отырып, асар амалымен кешендерді қысқа мерзімде әрі сапалы салуға болады.

Егер осы жоба жүзеге асқан жағдайда кемінде алты күрделі мәселе шешімін табады. Біріншіден, қоныс аударушы бақшаға қолайлы жерден сапалы әрі арзан баспана салады. Екіншіден, жұмыс орны мен ауыл шаруашылығы бизнесіне қол жеткізеді. Үшіншіден, жұмыс күші тапшы аймақтардағы бос жұмыс орындарын толықтырады. Төртінші, қала ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Бесіншіден, халық тығыз орналасқан аймақтарда жұмыссыздардың, аз қамтылғандардың саны азайып, әлеуметтік жағдайдың ушығуы азаяды. Алтыншыдан, елдегі демографиялық ахуал реттеледі.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары З.Қ. Тұрысбековтың ұсыныс-пікірі сенаторлар тарапынан қолдау тауып, ел иігілігіне қызмет ететін шаруалардың жүріп кетуіне олар заңдық-нормалық қамтамасыз етуді басшылыққа алатын болып ұйғарылды. Тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері де бұған қарсылық білдірмеді.

Ортақ мәміле – түпкілікті нәтижеге апаратыны мәлім.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК – ЗАҢДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Өрт қауіпсіздігінің сақшысы – Сүйінбай Баратов республикалық байқауда үздік үштіктен көрінді Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек қызмет емес, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.