Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»САРБАЗДАР ӘСКЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРЕДІ
    Бас ақпарат

    САРБАЗДАР ӘСКЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.11.2021374 Views

    Қорғаныс министрлігі бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мамандықтарына мониторинг жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жұмысшы мамандықтары бойынша даярлау ұйымдастырылады. Жастар әскерде борышын өтеп жүрген кезде отандық нарықта тапшы қажетті білімді, дағдылар мен мамандықтарды тегін алады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

    Президент кәсіби бағдар беру және жастарды оқыту жүйесіндегі Қарулы Күштердің рөліне жеке тоқталды: «Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуі тиіс. Мерзімді қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн».

    Сарбаздарға Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Байланыс департаменттерінің, Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің кіші мамандарын дайындайтын оқу-жаттығу орталықтарында кәсіби білім берілетін болады.

    Мерзімді әскери қызметшілер қос мақсаттағы әскери мамандықтарды меңгереді. Оның ішінде ауыр жүк машиналарының жүргізушілері, экскаваторшылар, тракторшылар, жол төсегіштер, дизелистер – электриктер, байланыс мамандары және тағы басқалар бар. Алған мамандығы жастарға әскерден кейінгі өмірде де кәдеге жарары анық.

    Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында қазірдің өзінде жүк көліктерінің жүргізушілерін даярлауға арналған оқу ротасы құрылды. Жыл сайын мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 160-қа жуық маман даярлау жоспарланып отыр. Сабақтар алдағы жылы басталады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.