Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 10 ҮЙДІ СЫЙҒА БЕРДІ
    Айғақ MEDIA

    БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 10 ҮЙДІ СЫЙҒА БЕРДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.11.2021642 Views

    Кәсіпкер-меценат, мемлекет және қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қоры мақтааралдықтарға 10 үйді сыйға берді. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов баспаналы болған отбасыларды қуанышымен құттықтап, үйлердің кілттерін табыстады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Әрбір отандасымыздың баспаналы болғанын көру – мен үшін үлкен қуаныш. Бүгін Болат Өтемұратов қорының атынан сіздерге баспана кілттерін табыстап отырмыз. Бұл үйлердің барлығы да жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатындағы кезекте тұрған азаматтарға берілді. Сондықтан жаңа шаңырақта өсіп-өніп, бақытты өмір сүрулеріңізге тілектеспін!»  деді Бақыт Насырханұлы.

    Аталған үйлер Мырзакент кентінің жаңа мөлтек ауданында орналасқан. Былтыр Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін алғашқылардың бірі болып Болат Өтемұратов қоры 6  миллион АҚШ долларын бөліп, апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасыға үй салып берген болатын. Міне, сол үйлерден артылғандары үй кезегінде тұрғандарға беріліп отыр.

    Бұған дейін дәл осы Мырзакенттің жаңа мөлтек ауданынан құрылысы аяқталған 16 тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға коммуналдық арендалық негізде берілген еді. Бұдан бөлек, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 417,9 миллион теңгеге аудан аумағындағы көпбалалы аз қамтылған және тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға 50 үй берілді. Осылайша биылдың өзінде 76 мақтааралдық отбасы мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қорлардың есебінен баспаналы болып отыр.

    Айта кетейік, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек аудан аумағынан 1,8 миллиард теңгеге 3 қабатты 36 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржы бөлдіруге ұсынылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.