• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

30.10.2021
0

 Бүгін Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесі аталып өтті. Оған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері және сала қызметкерлері қатысты. Сонымен бірге әлеуметтік салаға жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және жұмыспен қамту органдарының қызметкерлері шақырылған.

Облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы, Түркістан өңірін дамытудағы еңбегін жоғары бағалады. Сала ардагерлерімен, қазір еңбек етіп жүрген қызметкерлермен және мүгедектігі бар азаматтармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Салтанатты жиында әлеуметтік саланың үздік қызметкерлері ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының және облыстық кәсіподақтар ұйымының грамоталары мен Алғысхаттарымен марапатталды.

Бүгінде Түркістан облысы бойынша әлеуметтік салада 4 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді.Облыста әлеуметтік қорғау саласында қамқорлықты және көмекті қажет ететін жекелеген санаттағы тұрғындар саны 726,8 мыңнан асады. Атап айтсақ, 176,1 мың зейнеткер, 96,9 мың мүмкіндігі шектеулі жан, аз қамтамасыз етілген 218,1 мың тұрғын бар. Көпбалалы отбасылар саны бойынша Түркістан өңірі көш басында. Облыста «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен көпбалалы аналар саны 160,8 мыңға жетті.

Өңірде халықтың әлеуетін көтеру мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Nur Otan» партиясының Жол картасы жүзеге асырылып жатыр. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 20,5 млрд. теңге қаралып, 78 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. 2021 жылы аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік бюджеттен 37 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 218 мың адамға әлеуметтік көмектер берілген.

Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында әлеуметтік қызметтер порталы енгізіліп, көмекке мұқтаж тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Айғақ медиа
01.07.2026
0

Шымкент қаласында арнайы белгіленген мал жаятын орындар жоқ. Оған себеп, қаланың республика көлемінде 3 ші мегаполиске айналуы. Осыған байланысты Абай...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Елімізде 1 шілдеден бастап бірқатар заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Соның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесіне қатысты жаңа талаптар мен жаңашылдықтар бар....

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ САРАЛАНДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Еліміздің құқықтық жүйесінде маңызды өзгеріс. 1 шілдеден бастап Конституцияның жаңа редакциясы ресми түрде күшіне енеді. Осы тарихи оқиғаға орай М.Әуезов...

30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Шымкентте 30 отбасы көптен күткен баспаналарына қол жеткізді. Жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде қала әкімі табыстап, қоныс иелерін құттықтады. Жалпы,...

ЕКІ ӨНДІРІСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЕКІ ӨНДІРІСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Шымкентте өндіріс саласы қарқын алып келеді. Еңбекші ауданында құны 15 миллиард теңгеден асатын екі бірдей инвестициялық жоба іске қосылды. Оның...

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Айғақ медиа
26.06.2026
0

7-8 балдық жер сілкінісінен 120 мың адам панасыз қалуы мүмкін. Бұл жайында аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қайрат Бекбауов...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.