Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Қ.ТОҚАЕВ: ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚОРЫНЫҢ БІРДЕН АЗАЙЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ!
    Агро

    Қ.ТОҚАЕВ: ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚОРЫНЫҢ БІРДЕН АЗАЙЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ!

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.10.2021777 Views

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Кездесу барысында Президент еліміздегі жанар-жағар май қорының бірден азайып кетуіне жол бермеу қажет екенін атап өтіп, ішкі нарықтағы жағдайды осындай келеңсіздікке әкеп соқтырған ведомстволардың жұмысын сынға алды. Президент өнеркәсіп пен халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша өндіріс қуаты көздерін құру қажет екеніне назар аударды.

    Энергетика министрі Президентке тапшылықтың орнын толтыру үшін қабылданған шұғыл шаралар туралы баяндады. Осыған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілген. Бұдан бөлек Ресейдің Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде шамамен 150 мың тонна дизель отыны көрші елден импортталды. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді.

    Сонымен қатар министр Мемлекет басшысына Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі жөнінде айтты. Алдағы онжылдықта электр энергиясын тұтыну көрсеткіші жыл сайын өседі деп күтілуде. Осыған байланысты жаңартылатын энергия көздерінің, сондай-ақ газ және гидроэлектр станциялары есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

    Мемлекет басшысына цифрлық майнинг саласын бақылау үшін қабылданып жатқан шаралар таныстырылды. Бұл өз қызметін тіркеусіз атқаратын субъектілерге қатысты. Министр «сұр» майнерлер шамамен 1200 МВт-қа дейін электр энергиясын тұтынатынын және оларды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, қажет болған жағдайда, басқа да құзырлы органдарды тарта отырып, аталған жұмыстарды жылдамдатуды, сондай-ақ майнингті заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесін кейінге қалдырмауды тапсырды. Бұл ретте «ақ» майнерлер өз қызметін қосымша шектеулерсіз жалғастырады.

    Мемлекет басшысы ішкі нарықты сапалы жанар-жағар маймен және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ресурсы мол екенін айтты. Президент Энергетика министріне жүктелген міндеттерді шешу үшін тиісті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.