Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ФРАНЦИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
    Агро

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ФРАНЦИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.10.2021503 Views

     Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған Түркістан облысының фермерлер делегациясы Францияның Мец қаласында өткен «Агримакс-2021» халықаралық мал шаруашылығы көрмесіне қатысты. Қазақстан осы іс-шараға алғаш рет қатысып, жергілікті биліктің, фермерлер мен БАҚ-тың қызығушылығын оятқан жалғыз еуропалық емес ел болды.

    Ашылу салтанатында Өңірлік кеңес төрағасы Жан Роттнер Түркістан облысының делегациясын құттықтап, бірлескен аграрлық жобаларды ілгерілетуге барынша көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлады. Ол іскерлік байланыстарды орнату және нығайтудағы күш-жігері үшін Қазақстан басшылығы мен дипломаттарға ерекше алғысын білдірді. Францияның ауыл шаруашылығы локомотиві болып есептелетін Үлкен Шығыс аймағымен іскерлік байланыс орнату – үлкен табыс. Түркістан облысының делегациясы ҚР Франциядағы елшілігі және Страсбургтағы Бас консулдығының қолдауымен сүт және ет фермерлік шаруашылықтарын, құс фабрикасын аралап, француз малшыларының кәсіби қауымдастықтарының өкілдерімен «дөңгелек үстелге» қатысты. Қазақстандық фермерлер әлемдегі жетекші өндіруші «KUHN» компаниясының озық деңгейдегі ауыл шаруашылығы техникасымен танысты.

    Қазақстандық фермерлер атынан Н.Бадырақов және «ҚазақИнвест» өкілі келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Түркістан облысындағы стратегиялық маңызды жобалар және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен экспортын ұлғайту мәселелері сөз болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.