Қазіргі уақытта республика көлемінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртегі бейтараптық стратегиясы әзірленіп жатыр.124 ел 2050 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттеме алды, бұл жаһандық ЖІӨ мен СО2 шығарындыларының шамамен 70% құрайды.
Айта кету керек, Орталық Азия елдерінің негізгі өндірістері бұрынғысынша көмірге тәуелді, оның ішінде Қазақстан да бар. Жасыл энергияға көшу энергетикалық сектор мен тұтастай экономиканы қайтадан жүктеу кезінде елеулі қиындықтарға алып келеді. Алайда, жасыл рельстердің пайда болуы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және климатқа, оның ішінде адамзат денсаулығына кері әсерін азайтуға ықпал етеді.
Экономиканы декарбонизациялау жолында Қазақстан түрлі сценарийлер бойынша көміртекті бейтараптық модельдерін әзірлеу арқылы Климаттық саясатты қабылдауда алғашқы ізашар болды.
Форумның панельдік сессияларында Орталық Азия елдерінің қатысушылары климаттың өзгеруінің өзекті мәселелерін талқылап, «жасыл» жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибелерімен бөлісті және көміртектің нөлдік шығарындылары саясаты бағытындағы ілгерілетулер туралы айтты.Форум мен оның іс-шараларының қорытындылары бойынша Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптығына бірлесіп қол жеткізу жөніндегі Декларацияға қол қойылды.