Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»631 455 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОНЛАЙН САНАҚҚА ҚАТЫСТЫ
    Айғақ MEDIA

    631 455 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОНЛАЙН САНАҚҚА ҚАТЫСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.2021646 Views

    Түркістан облысы бойынша санаққа қатысқандар саны 631 455 адамға жетті. Елімізде өтіп жатқан маңызды науқанға қатысудан облыс халқы көш бастап тұр.
    Жалпы, Түркістан облысында 2 млн-нан астам адам тұрады. Халық санағы ел аумағында тұратын халық санының ресми есебін жүргізуге мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі.
    Халық санағының қорытындысы өткен 10 жыл ішінде халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Санақ облыс, қала және ауыл халқының санындағы, жынысы мен жасына, неке жағдайына, ұлттық құрамына, азаматтығына, діни сеніміне, білім деңгейіне, тілдерді меңгеруіне, үй шаруашылықтарының саны мен мөлшеріне, тұрғын үй жағдайларына және басқа да сапалық және сандық белгілеріне қарай өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

    Халық санағының нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайын, неке-отбасы қатынастарын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін қажет.
    Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы ұлттық халық санағы 1999 жылы, ал екіншісі – 2009 жылы өтті. Ауқымды шараны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ұйымдастырды. 2018 жылдың сәуір айында Қазақстан халқының пилоттық санағы өтті. COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында 2020 жылға жоспарланған кезекті ұлттық халық санағын өткізу 2021 жылға ауыстырылғаны белгілі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    укакуакуаку

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.