Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Е-ШАҢЫРАҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ТӘЖІРИБЕЛІК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
    Бас ақпарат

    Е-ШАҢЫРАҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ТӘЖІРИБЕЛІК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.09.2021739 Views

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесін тәжірибелік пайдалануға берді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    E-шаңырақ деп аталатын платформа — саланың бытыраңқы ақпараттық жүйелерін біріктіретін және мемлекеттік органдар үшін талдамалық ахуалдық орталық болатын тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың цифрлық жүйесі.

    Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңінде ақпараттық жүйе көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны, олардың техникалық жай-күйі, үйлерді басқару органдарынан алынатын есепке алу аспаптары бойынша талдамалық деректерді қалыптастыруға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерімен және үйді басқарудың нарықтық IT-қосымшаларымен (е-ПИК, BI clients және т.б.) интеграция жүргізуге мүмкіндік береді.

    Бұл ретте жүйені одан әрі дамыту көзделген. Соның шеңберінде рейтингтер жасап, басқарушылар мен қызмет көрсететін компаниялардың тізілім қалыптастырылады.

    «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Төлеуовтің айтуынша, Е-Шаңырақ ақпараттық жүйесі – бұл республиканың барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Жүйеде жинақталған деректер саланың ашықтығын арттырып, бәсекелестік нарықты қалыптастырады.

    Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша бюджеттік қаржыландырусыз іске асырылады.

    Барлық сұрақтарға жедел жауап беру үшін бірыңғай E-Шаңырақ байланыс-орталығы іске қосылды. Жүйені сүйемелдеу мәселелері бойынша пайдаланушылар +7 727 339 50 09 нөміріне хабарласа алады

    Е-Шаңырақ сайтына сілтеме: http://e-zhkh.gov.kz/

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.