Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНУДА
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.07.2021497 Views

    Түркістан қаласында әлемдік стандарттарға сай теннис орталығы салынып жатыр.

    Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан заманауи спорттық нысанның құрылысы толықтай испаниялық жобаның үлгісімен жүзеге асуда. Жер аумағы 2,5 гектарды құрайды, жалпы ауданы 5000 м2. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылысшылармен кездесті, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Облыс басшысы бекітілген кестеден ауытқымауды есткертті және кей құрылыс алаңындағы жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Сапа – басты назарда. Теннис орталығы 7 ашық теннис кортынан, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңынан тұрады.

    «Құрылыс барысында әр қадам маңызды. Әсіресе сапаға салғырт қарауға жол бермеу керек. Жаңадан салынып жатқан барлық спорт нысандарына талап осы. Халыққа ыңғайлы, сапасы мінсіз болуы тиіс. Бұл жерде ертең балаларымыз жаттығып, шынығады. Балаларды, жасөспірімдерді ерте жастан спортқа баулу арқылы біз келешек ұрпағымызды тәрбиелейміз»,-дейді облыс әкімі.
    Облыс әкімі сондай-ақ спорт кешендері бар есу каналының құрылыс алаңында болды. Елімізде баламасы жоқ спорт кешендері бар ескек есу каналы халықаралық талаптарға сай олимпиадалық орталыққа айналады. Елімізде су спорты түрлерін дамытып, Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Шаһардың сәулеттік көркін келтірумен қоса, туризмді дамытып, өңірде қолайлы микроклимат қалыптастыруға сеп болмақ. Халықаралық дәрежедегі ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектарға жуық алаңда орналасқан. Каналдың ұзындығы – 2222 м. Ені 260 м, тереңдігі 4 м.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.