23-24 маусым аралығында Өзбекстанның Қоқан қаласында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ұйымдастыруымен туризм министрлерінің VI отырысы өтті.
Жүздесуге Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов, Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Акилбек Жапаров, Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нагиев, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Джам, Венгрия Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Санто қатысып, отарыс барысында бірқатар келіссөздер жүргізді.
Тараптар жұмыс тобының отырысы кезінде коронавирус пандемиясы кезінде шығынға ұшыраған туризм саласын жандандыру, қайта қалпына келтіру жайын, Түркі кеңесі ұйымы құрамындағы елдер арасындағы әуе рейстерінің жұмысын жалғастыруды талқылады.