Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҮКІМЕТ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАРАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ҮКІМЕТ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАРАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.06.2021249 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері қаралды, — деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин 4 кодекс пен 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқан Бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды.

    Заң жобасы экономиканың негізгі салаларында бәсекелестік ортаны кеңейтуге, сондай-ақ байланыс, темір жол жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарының, әуежайлар қызметтерінің, АӨК, көмір, фармацевтика, құрылыс және басқа да тауар нарықтарының жұмыс істеуіне бағытталған бәсекелестікті дамытудағы жаңа тәсілдерді қарастырады. Заң жобасы бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік және экономикалық кедергілерді жоюға бағытталған. Заң жобасында ұсынылған шараларды іске асыру таяу келешекте мемлекеттің ел экономикасындағы қатысу үлесін 14%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал бәсеке еліміздің жаңа экономикалық бағдарының негізгі болатын басты қағидаттардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан бәсекелестіктің ұзақ мерзімді жаңа саясатын жасаудың маңызы зор. Бұл бәсекелестік пен “жұмсақ құқық” құралдарын кеңінен қолдануға неғұрлым жетілдірілген жағдайлар жасауды талап етеді, мұның өзі заңнаманы бұзу қауіптерін төмендетуге жол ашады», — деді А. Мамин.

    Премьер-Министр бәсекелестікті дамыту биржалық сауда құралдарын тарату және негізгі инфрақұрылымдық қуаттарға қол жеткізу шарттарын кеңейту арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Үкімет басшысы мемлекеттік және жеке операторлардың түрлі салалардағы қызметін реттеу нормаларын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.