17 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Малайзияның техникалық және кәсіптік білім төрағаларымен кездесті. Кездесу кезінде өңір басшысы техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша 92 колледждің, онда 97 мамандық бойынша 75 мыңнан астам студент білім алып отырғандығын айтты. Екі ел арасында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Малайзиялық делегаттар Оңтүстік Қазақстанда әлемдік деңгейдегі техникалық колледж салуға ниетті екендіктерін айтты. Аталған оқу орны негізінен техникалық, мұнайгаз, тамақ өндірісі мамандықтары бойынша білім беретінін мәлімдеді.