Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда шетелдіктерді мемлекеттік қызметке қабылдауға рұқсат береді
    Жаңалықтар

    Қазақстанда шетелдіктерді мемлекеттік қызметке қабылдауға рұқсат береді

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.10.2016231 Views

    Енді Қазақстанда шетелдіктерді мемлекеттік қызметке қабылдауға рұқсат береді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және корруупциямен күрес істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Айгүл Шаимова хабарлады. 

    Шенеуніктің сөзінше, Қазақстанның ішкі нарығында қажет профильдегі мамандар табылмаса ғана шетелден алынады. «Біз мемлекеттік органдардың сұраныстарын анықтап, кейбір министрліктер мен әкімшіліктердің шетелдік мамандарды қажет етіп отырғандарын байқадық. Олар кен орындарын өндіру, аудит, геологиялық бақылау, халықаралық құқықтық сараптама сферасына, аймақтарда стратегиялық жоспарлау кеңесшісі, ветеринария және адами ресурстарды басқару саласына керек», — деп атап өтті Шаимова. Сондай-ақ, жеке және квазимемлекеттік сектордағы орындарға өзге елдің азаматтары орналаса алады. Бірақ олар жалпы конкурс арқылы таңдалады. 

    Айгүл Шаимованың сөзінше, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы жүйесі де толығымен өзгереді. Жұмыс нәтижесі жақсарту үшін қызметкерлердің тиімділігін бағалау жүйесі енгізіледі. Оның қорытыдысы бойынша бонус төлеу мәселесі шешіледі. Мысалы А корпусының қызметкерлерінің жұмысы жылдық келісім-шарт бойынша бағаланады. Ал Б корпусының қызметкерлері басшысы құрастыратын жеке план негізінде қаралады.

    Мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес агенттігі экономикалық ғылымдар докторы Қайырбек Арыстанбековтың шененуік аппаратын қысқарту туралы ұсынысына жауап берді, дәлірек айтқанда келіспейтіндіктерін білдірді. Олардың мәліметі бойыща, қазір қазақстандық мемлекеттік аппаратта 98 886 адам жұмыс істейді.

    «Экономикалық және серіктестік даму елдерінің тәжірибесіне қарасақ, олардағы мемлекеттің қызметкерлердің үлесі 2,4%, ал біздегі көрсеткіш 1,4%-ды құрайды. Сондықтан біздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны тым көп деп айтуға болады деп ойламаймын. Бірақ жалпы алғанда бұл мәселе үнемі талқыланып, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру туралы ұсыныстар енгізіліп отырады», — деп атап өтті шенеунік.

    Оның сөзінше, қазір бірінші жетекшілерге арнайы штаттық лимитке сай мемлекеттік аппаратты қысқарту туралы өз бетінше шешім қабылдау құқығы берілген. Үнемделген қаржы сыйақы мен бонустар төленуге жұмсалады.

    Дереккөз 7kun.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.