Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елордада жаңа өнер галереясы ашылды
    Жаңалықтар

    Елордада жаңа өнер галереясы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2016337 Views
     Астанада «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы мен Форте банктің қолдауымен ForteBank Kulanshi Artspace жаңа өнер галереясы ашылды, онда әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілердің туындылары мен инсталляцияларының көрмелері өткізіліп тұрмақ, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты. Жұма күні сайтта жарияланған хабарда айтылғандай, шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, елорданың шығармашылық зиялы қауымы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

    Бастамашылар бұл галерея елорда өнерін жаңа деңгейге көтеріп, ағартушылық жұмыстың пәрменді құралына айналарына сенеді.

    — Астана тұрғындарының атынан «Құланшы» қазіргі заманғы өнер галереясына және Форте банктің басшылығына осы жобаны іске асырғандары үшін алғыс айтамын, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан озық мемлекеттердің қатарына қосылып, әлемдік аренада танымал болды. Өркениетті әлемде қазақ жерінің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлылығы туралы білмейтін ел жоқ. Және қазір өзімізді мәдениеті бай, шығармашылық әлеуеті зор мемлекет ретінде танытатын уақыт келді, — деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

    Галереяны іске қосу аясында қазақстандық бейнелеу өнерінің «Мәңгілік мұра» атты көрмесі ашылды. Экспозицияға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің үздік суретшілерінің туындылары енгізілді. Авторлардың айтуынша, Орта Азия елдері мәдениетінің мұндай синтезі бүкіл әлем бойынша өнерсүйер қауым үшін таптырмас олжа, және елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығары анық.

    Авторлар Париждегі Лувр, Лондондағы британдық мұражай және Тейт галереясы, Мәскеудегі Третьяков галереясы және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристер сүйіп баратын басқа да мәдени нысандар сияқты Астанадағы картина галереясы да Қазақстан өнері мен мәдениетінің символына айналатынына сенімді.

    «Мәңгілік мұра» көрмесі 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты күн сайын сағат 10:00 — 20:00 аралығында өтеді

    Дереккөз: ҚазТаг

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.