• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысына мемлекеттің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді

21.10.2016
0

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа республиканың ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан барлық бастамалардың келесі жылы әрі қарай тиімді іске асырылуының негізі қаланғанын айтып өтті.

«Бірінші кезекте, бюджетке тиісті түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Соның ішінде, тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымын құрудан тұратын, «Нұрлы жол» даму бағдарламасының аясында халықтың әл-ауқатын арттыру шараларын қабылдау және республиканы жүйелі индустриалды-инновациялық дамумен қамтамасыз етудің маңыздылығы айқын», — деді Мемлекет басшысы.

Премьер-Министр өз баяндамасында республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштерінде оң серпіннің бар екендігін мәлімдеді. Инфляция деңгейі берілген параметрлерде сақталған.

Б. Сағынтаев Қазақстан Президентінің ағымдағы жылдың 9 қыркүйегіндегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары уақытылы орындалып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ел экономикасын әрі қарай дамытуды ынталандыру мақсатындағы 481 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражаттың бөлінуі бекітілді.

Сондай-ақ, Премьер-Министр күніне 90 мың баррель көлеміндегі өнім беретін Қашаған мұнай-газ кен орнының іске қосылғанын айтып өтті.

Бұдан өзге, Б. Сағынтаев Мемлекет басшысына, бірінші кезекте, азық-түлік өнімдері мен негізгі қажетті тауарлардан бастап бағаларға және халық пен әлеуметтік мекемелерді жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге, сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жоспарланған нысандардың уақытылы тапсырылуына тұрақты бақылау орнатылғаны туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, Н. Назарбаевқа елдің экспорттық әлеуметін әрі қарай дамытуға байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды.

Қазақстан Президенті республикадағы жинау науқанының аяқталғанын және ендігі кезекте үкіметтің дәнді-дақылдарды экспорттау мәселесін шешуі керектігін айтып өтті.

«Дәнді-дақылдардың ірі өндірушілері болып табылатын көптеген елде мол астық өнімі байқалады. Сол себепті де осы нарықта жоғары бәсекелестік күтіледі. Біз бірқатар елмен астықты экспорттау туралы келісімге қол қойдық. Осы уағдаластықтардың шеңберінде тапсырылатын өнім көлемдерін анықтап алуымыз керек», — деді Н. Назарбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.