Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді
    Агро

    Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.04.2021659 Views

    Жетісай, Мақтарал, Келес аудандарының тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев олармен бірге бірқатар өзекті мәселелерді талқылады,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Үш аудан азаматтары мен әкімдері бас қосқан жиында жайылым мәселесіне қатысты ойлар ортаға салынды. Қазіргі уақытта, малдың көбі қыстақ пен жайлаудан гөрі ауыл маңында жайылады. Сондықтан ол жерлердің табиғи өнімділігі жыл сайын төмендеп келеді. Мал басының артуы да жердің тарлық етуіне әкеліп соғуда. Оның үстіне көп жерлер жеке қолда. Мәселені ретке келтіру жұмыстары Түркістан облысында үш жылдан бері жүргізіліп келеді. Үш аудан азаматтарымен жүздескен облыс әкімі жергілікті билік пен жауапты тұлғаларға жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді.

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша “Сабыр” шаруа қожалығының атқарып жатқан жұмыс барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Қырыққабат егіп, алғашқы өнім алуға дайындалып жүрген диқандар бұл тәсілдің тиімділігінің қыр — сырымен бөлісті. Бірінші өнімді жиып алған соң олар қарбыз егуге көшеді. Тиімділігін дәлелдеген тәсілге жүгінгендер, жылына 1 га жерден 8 млн теңгеге дейін пайда табады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.