2013 жылдан бері Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып келген Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің және Қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып келді.
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.