• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бейресми саммитінің Түркістан Декларациясы

01.04.2021
0

2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (бұдан әрі–Түркі кеңесі) бейресми саммиті бейнеконференция арқылы өтті,- деп хабарлайды akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Республикасының Президенті  Ильхам Әлиев,  Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухаммедов және Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан, сондай-ақ Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев қатысты.

Түркі кеңесі мемлекеттерінің басшылары

Көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келетін, табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуын білдіретін Наурыз мейрамын атап өтіп;

Әзербайжан Республикасын, Қазақстан Республикасын, Қырғыз Республикасын, Өзбекстан Республикасын және Түрікменстанды алдағы тәуелсіздіктің 30 жылдығының қайта қалпына келтірілуімен құттықтап және 1991 жылы түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігін алғашқы болып мойындағаны үшін Түркия Республикасына алғыс білдіріп;

Соңғы онжылдықтарда түркітілдес мемлекеттер қол жеткізген айтарлықтай саяси және әлеуметтік-экономикалық прогрессті атап көрсетіп, Түркі әлеміндегі көпжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалап және түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге нық бейілділік танытып;

Әскери оккупациядан Әзербайжан Республикасы аумағының азат етілуін жоғары бағалап және Армения-Әзербайжан жанжалының аяқталуын қошеметтеп;

Түркі әлеміндегі берік ауызбіршілікті барынша тығыз ынтымақтастық үшін ұзақ мерзімді пайымдар мен мақсаттар қоюға және стратегиялық бағдарды тұжырымдауға бел байлағандығын растай отырып;

Түркі кеңесінің құрылғаннан бергі құнды жетістіктерін атап өтіп және оның түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістерді қамтамасыз етудегі рөлін арттыруға және түркі әлемінің құндылықтары мен мүдделерін өңірлік және халықаралық аренада одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растай отырып;

Халықтарының игіліктеріне бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен гүлденуіне үлес қосу құралы ретінде көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп;

Күллі Түркі әлемі халықтарының бірігуіндегі Түркістан қаласының рухани маңыздылығын мойындап;

Қожа Ахмет Яссауи ислам құндылықтарын насихаттайтын түркі мектебінің негізін қалаған және бүкіл түркі әлемінде философияның дамуына зор ықпал еткен көрнекті және рухтандырушы тұлға ретінде қалдырған мұрасын жоғары бағалап;

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімі аясында Ұйымға мүше мемлекеттердің шоғырландырылған ұстанымын әзірлеу мақсатында Түркі әлемінің мүдделерін қозғайтын өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша консультацияларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп.

Төмендегілер туралы мәлімдеді:

1. Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялады. Болашақта ротациялық негізде Түркі әлемінің өзге де әйгілі көне шаһарларына осы іспеттес мәртебе беруге мүмкін болатыны туралы келісті және Хатшылыққа Мүше мемлекеттермен бірлесе аталған мәселе бойынша ережені 2021 жылы күзде Түркияда өтетін Түркі кеңесінің 8-ші саммитінің қарсаңында Сыртқы істер министрлері кеңесінің қабылдауы үшін әзірлеуді тапсырды;

2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің атауын өзгерту жөніндегі бастамасын қолдады және Сыртқы істер министрлері мен Хатшылыққа 2021 жылы күзде Түркияда өтетін Түркі кеңесінің 8-ші саммитіне қол қою үшін тиісті құжаттарды әзірлеуді тапсырды;

3. Хатшылыққа «Түркі әлемінің келешегі-2040» және «Түркі кеңесінің 2020-2025 стратегиясының» алғашқы жобаларын дайындағаны үшін алғыс білдірді және мүше мемлекеттердің тиісті органдарына өздерінің тиісті ұлттық  ішкі рәсімдері шеңберінде Түркиядағы келесі саммитте бекіту мүмкіндігі мақсатында оларды Хатшылықпен бірлесіп дайындауды тапсырды;

4. Әзербайжан Үкіметі және халқымен бірге қақтығыстардан зардап шеккен аумақтарды оңалту, қалпына келтіру және қайта біріктіруге олардың күш-жігеріне ниеттестігін білдірді және бір-бірінің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен халықаралық танылған шекараларының мызғымастығын өзара құрметтеу және мойындау негізінде Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуін қолдады;

5. Түркі кеңесіне қол жетімді үлкен мақсаттар қоюға, стратегиялық маңызы бар өңірлік жобаларды, атап айтқанда көлік, кеден, энергетика және инфрақұрылым саласындағы жобаларды қолға алуға және жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін экономикалық бағыттың маңыздылығын атап өтті;

6. Атақты ақын және мемлекет қайраткері Әлішер Науаидің түркі халқына сіңірген еңбегін, Түркі әлемінің әдебиеті, өнері, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени өмірінің дамуына қосқан үлесін бағалап, сондай-ақ осы жылы оның 580 жылдық мерейтойының кеңінен атап өтілуімен байланыстыра отырып, Түркі кеңесі аясында Әлішер Науаи халықаралық сыйлығын тағайындауға келісті;

7. Түркі әлемінің әдебиеті, өнері, ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан Түркі әлемінің аса көрнекті ақындары, ойшылдары мен мемлекет қайраткерлеріне Жүсіп Баласағұнның 1005 жылдық, Низами Гянджеуидің 880 жылдық, Юнус Емре мен түрік тілінің жылы, Әлішер Науаидің 580 жылдық, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық, Әлихан Бөкейханның 155 жылдық және Хусейн Карасаевтың 120 жылдық мерейтойларын атап өту үшін мүше мемлекеттердің тиісті органдарына Түркі ынтымақтастық ұйымдарымен бірлесе отырып келісілген іс-шаралар өткізуге тапсырма берді;

8. Соңғы Саммит өткен уақыттан бері Түркі кеңесі Хатшылығының қызметіндегі маңызды жетістіктерді жоғары бағалады.

Мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркістан бейресми саммитін өткізу бастамасы үшін және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы кездесуде талқылауларды нәтижелі қорытындыларға келтіргені үшін терең алғыс білдірді.

2021 жылы 31 наурызда бейнеконференцияда әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік және өзбек тілдерінде қабылданды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.