Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы қалай әзірленді?
    Бас ақпарат

    Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы қалай әзірленді?

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.04.2021616 Views

    2020 жылғы наурыз айында Қазақстанда коронавируспен ауырған алғашқы адам анықталды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

    23 наурызда науқастардан патологиялық материалдар алынды. Материалдан COVID-19 вирусы бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерттелді. Осы уақыттан бастап қазақстандық ғалымдар бірден вакцина әзірлей бастады.

    9 мамырда ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірлеп шығарды.

    15 мамырда Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді жене ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады.

    Маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеудің оң нәтижелерін мойындады.

    Шілдеде ғалымдар өздері жасап шығарған QazCovid-in вакцинасын алғашқы болып өздеріне салғызды.

    17 қыркүйекте 44 еріктінің қатысуымен I кезеңнің клиникалық зерттеулері басталды. Нәтижесінде вакцина жоғары қауіпсіздігін көрсетті, еріктілердің жағдайы қалыпты.

    17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталып, оған 200 ерікті қатысты. Нәтижесінде вакцина жоғары иммуногенділік пен тиімділігін көрсетті.

    19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің соңғы III кезеңін жүргізуге рұқсат берді, оның аясында 3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды.

    Вакцина 21 күн аралықпен 2 рет егіледі. Еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды.

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев QazCovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық сынақтардан тыс өздеріне салғызды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    КӘСІБИ ДОДАДА ДАРАЛАНҒАН ҰСТАЗ

    18.11.2026

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.