Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»300-ге жуық газбен жабдықтандыру нысандары республикалық меншікке беріледі
    Айғақ MEDIA

    300-ге жуық газбен жабдықтандыру нысандары республикалық меншікке беріледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.03.2021439 Views

    Апталық аппарат отырысында облыстағы бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп, аяқталған газбен қамтамасыз ету нысандарын «ҚазТрансГаз» АҚ-ның теңгеріміне өткізу жұмыстарының барысы талқыланды. Түркістан облысында құрылысы аяқталған 298 газбен жабдықтау нысанын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Дегенмен кейбір аудан, қалалар қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын баяулаған. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты тұлғаларға құжаттарды рәсімдеп, тапсыру жұмыстарын тездетуді тапсырды.

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Тұрғамбаев «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жетекшілері жаңа нысандарды табиғи газға қосылғаннан кейін ғана рәсімдеуді алға тартып, келісуді кешіктіріп жатқанын жеткізді. Соның салдарынан 44 елді мекен газға қосылмаған. АҚ-ның жетекшілері жауапкершілікті жергілікті әріптестеріне жүктеді.

    «Жергілікті болса, сіздердің мекеме емес пе? Газды экспорттау  созылып кетті. Халықты ойлаңдар. Газ жетеді. Шешіңдер», – деді облыс әкімі.

    Өмірзақ Шөкеев созбалаңға салынған істі бірігіп шешуге тапсырма берді. Аталған жұмыстарға тиісті басқармалар мен  аудан, қала әкімдерінің тікелей жауапты екендіктерін ескертті.

    Жиында «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде тұрақты және уақытша құрылатын жұмыс орындары мен әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары баяндалды. Жол картасы шеңберінде 34 инфрақұрылымдық жоба бекітілген. Жаңа талаптарға сәйкес жоба аяқталған соң тұрақты жұмыс орындарын құру міндеттелді. Сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық жергілікті қамту көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90%-ы құралуы тиіс. Облыс басшысы тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізіп, межелі көрсеткіштердің толық орындалуын міндеттеді.

    Мәжілісте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бекітілген іс-шаралар баяндалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендерімен және әмбебап базарлармен бағаны негізсіз өсірмеу бойынша облыс көлемінде 1088 меморандум түзілген. Мобильдік топтар Түркістан облысындағы 1000-нан астам сауда орындарына рейдтік шаралар жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын негізсіз көтермеу жөнінде 752 кәсіпкерге ескертулер мен нұсқамалар берілген.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.