Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАНДА ҰШАТЫН ТЕАТР АШЫЛАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАНДА ҰШАТЫН ТЕАТР АШЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.03.20213 670 Views

    Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында орналасқан «Керуен сарай» туристік кешенінде әлемде теңдесі жоқ ұшатын театр ашылады. Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев демалыс орталығының ашылуға дайындық барысымен танысты. Жоба авторларының айтуынша, қиял-ғажайып орталық Самұрық құстың жұмыртқасы халық аңызына негізделген. Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады. Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа келбетіндегі ерекше театрда Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен, 8 D форматта әсерлі саяхат жасауға болады. Еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі осы театр-музейде көрсетіледі. Шығыс үлгісінде салынған кешен – киелі шаһарға келетін меймандардың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығы (АДЦ) аумағында  әкімшілік ғимараттар мен көпқабатты 24 үйдің қасбеттерін бір үлгіде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы ғимараттардың айналасы көгалдандырылып, жарықтандырылуда.Қаланың басты көшелеріне түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

    Сондай-ақ Ясауи кесенесінің алдында ерекше жарықшамдар орнатылды. Минскіден арнайы алдырылған ағаш кейпіндегі бақша жарықшамдары түнде айналаны сан алуан түске бөлесе, күндіз салқын су шашып, аптап ыстықтан қорғайтын болады.

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы қарқынды жұмыстардың барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. «Дендросаябақ» пен «Аттракциондар паркі» арасында жаңа көпір салу жоспарлануда. Сонымен қатар «Жібек жолы» саябағы, Б.Саттарханов бойындағы «Желілік саябағы» әсемделіп, қонақ үйлер жарықтандырылады. Облыс басшысы Б.Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін және «Рәміздер алаңы» мен «Түркі бағын» ретке келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыстар кәсіпкерлер мен тұрғындардың күштерімен жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.