Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде үшінші мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов қолға күрек алып, көшет отырғызды. Игі шараға қала әкімінен бөлек Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Қаратау ауданының ардагерлері мен депуттатары, сондай-ақ қала жастары да атсалысты. Аталған шара «Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан «Астана» аллеясында өтті. Онда 250 түп арша мен жеміс көшеттері отырғызылды.
Қала әкімі өз сөзінде Наурыз мерекесін тек тойлап қана қоймай, қала аумағын тазалап, ағаш отырғызу жұмыстарын жасауға шақырды. Сондай-ақ көшеттерді отырғызумен шектелмей, күтіп-баптау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керектігін айтты.