Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕГІ БІРНЕШЕ ШАҒЫН АУДАНДА ЖАРЫҚ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕГІ БІРНЕШЕ ШАҒЫН АУДАНДА ЖАРЫҚ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.03.2021863 Views

    21 наурыз күні Абай ауданы аумағында орналасқан «Самал-3»  110/10кВА электр тарату қосалқы станциясында болған ақау салдарынан өрт шыққан.

    Апат салдарынан қаланың 21 мың абоненті («Нұртас», «Нұрсәт», «Шымсити», «Нюсити АДЦ», «Солтүстік-Батыс», «Самал-3», «Асар» шағын аудандары, Көкжайлау ТК, Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйлер) жарықсыз қалды.

    Өрт орнына төтенже жағдайлар департаментінің 27 қызметкері, «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нен 15 адам, «Қуат жылу» МКК-дан 22 адам, 14 дана техника шұғыл жұмылдырылды.

    Қазіргі таңда өрт толығымен сөндіріліп, электр жарығын қайта қосу жұмыстары жүргізілуде.
    Оқиға орнына қала әкімі Мұрат Әйтенов барып, тұрғындарға жарықтың жылдам берілуін қадағалауда.

    Шұғыл іс-қимылдың арқасында «Нұртас», «Шымсити», «Нұрсат», ӘІО, «Солтүстік-батыс, Ақжайық шағын аудандарына электр қуаты өзге қосалқы стансадан қайта берілді. Әзірге қосылмай тұрғаны Самал-3, Асар ауданы және Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйлер. Бұл абоненттерді қосу жұмыстары шұғыл жүргізіліп жатыр.

    Жарықтың берілуіне тікелей жауапты Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-сі және «Қуат жылу орталығы-3» МКК басшылығы әр екі сағат сайын ақпарат беріп отырады.

    Қала тұрғындары кезең-кезеңімен 2 күн ішінде жарықпен толық қамтамасыз етіледі. Ал жарық беру стансасында болған апатты жағдайды қалпына келтіру үшін шамамен 20 күн уақыт кетеді.

    Электр қуатын іске қосу жұмыстарына осы кезде 45 адам жұмылдырылған.

    Шаһар басшысы тұрғындарға сабырлылық танытып, түсіністікпен қарауға шақырды. Және жауапты сала қызметкерлеріне мерекеге қарамай, тәулік бойы қалпына келтіру жұмыстарын тоқтатпай, жарықтың қосылуын барынша тездетуін тапсырды.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.