Енді Түркістаннан Түркия елінің Стамбул қаласына тікелей қатынауға мүмкіндік бар.
Бүгін рухани астанадағы Халықаралық әуежайдан алғашқы рейстер жұмысын бастады. Билеттер құны 40 мың теңгеден басталады. Алғашқы сапардың өзінде ұшақ борттары 98 пайызға толып отыр дейді мамандар. Алдағы уақытта Түркістаннан Ташкентке, Бішкекке, Мәскеуге және тағы басқа бірқатар елдердің астаналарына арнайы бағыттар жұмысын бастамақ.