Мегаполиске жеткізілген 1600 доза «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы әзірге қан орталығындағы мұздатқыш камераларында уақытша сақтауға қойылған. Ертеңнен бастап емханаларға тарату жұмыстары басталады дейді қаланың бас дәрігері Бақытжан Позилов. Бүгінгі күнге дейін Шымкентте 5827 адам ковидке қарсы вакцина салдырыпты. Оның ішінде 3505-і медицина қызметкерлері, 1469-ы мұғалім, 128-і полицейлер болса, қалғандары әр түрлі санаттағы азаматтар.Айғақ-ақпарат