Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕР СҮРІЛІП, ОРНЫНА ЖАҢА ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕР СҮРІЛІП, ОРНЫНА ЖАҢА ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.03.2021626 Views

    Шымкент қаласының аумағында қазір 45 тұрғын үйдің әбден тозығы жеткен. Ондағы пәтерлер саны — 470. Ілгерісі сонау 1934 жылы соғылған. Ескі үйлердің араларында ішкі инженерлік желілердің істен шығуы да жиі кездеседі, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Өзекті мәселені шешу жолдары бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен мәжіліс барысында қаралды. Тозығы жеткен үйлердің 18–і Т.Әлімқұлов көшесі бойындағы 2 қабатты үйлер. Мәжіліс барысында 50-60 жылдары соғылған үйлерді сүріп, жаңасын соғу жайы қарастырылды.

    -Тозығы жеткен үйлердің жыртығын жамап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселені түбегейлі шеше алмаймыз. Дұрысы оларды сүріп, орнына жаңа тұрғын үйлерді соғуымыз қажет. Нәтижесінде шаһардың сәулетіне де сән келеді. Іске кіріспес бұрын әр тұрғынның пікірін жеке тыңдап, қалауымен санасатын боламыз. Құрылыс кезінде уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі немесе орнына тең пәтер қарастырылады, -деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы.

    Жиында атап көрсетілгеніндей, тозығы жеткен үйлерді реновациялау мақсатында бекітілген механизмдер арқылы іс-шараларды жүргізу ұйымдастырылатын болады. Қазіргі таңда, «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан бұл іске инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

    Сондай-ақ, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен қалада 35 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басым бағыттарының бірі — тұрғын үй қорын жаңғырту аясында коммуналдық меншіктегі 29 көпқабатты тұрғын үйге де ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.