Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ИТАЛИЯ ЕЛШІСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ИТАЛИЯ ЕЛШІСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.03.2021322 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Паскуале Д’Авино бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында екі тарап облыс аумағында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.Өңір басшысы облыста инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын және Түркістан өңірінің инвестиция тарту бойынша елімізде көш бастап тұрғанын жеткізді. Бүгінгі таңда өңірде баламалы энергия өндірумен айналысатын италиялық «Arm Wind» (ENI) компаниясы тарапынан Отырар ауданының Шәуілдір ауылында қуаты 50 МВт күн электр стансасының құрылысы жүргізілуде.«Түркістанға облыс орталығы мәртебесін беру қаланың ғана емес, бүкіл өңірге инвестиция тартуға айтарлықтай серпін берді. Бұл ретте инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін инвестиция тартуды жүйелеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама сәтті жүзеге асырылып келеді», — деді Өмірзақ Шөкеев.Өз кезегінде Паскуале Д’Авино түркі әлемінің рухани орталығына сапары барысында алған әсерімен бөлісті. Италия елшісі алып құрылыс алаңына айналған Түркістанның жаңа келбеті мен қаланың мәдени-тарихи орталығының көркі таң қалдырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Италия елінің кәсіпкерлері Түркістан өңірімен тығыз ынтымақтастыққа, соның ішінде туризм, жасыл энергетика және ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі.Кездесу соңында облыс әкімі ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және халықаралық компаниялардың өңірдегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.